AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр дертке шалдыққан балаларға мемлекет көмек көрсете ме?

Баласына ауыр диагноз қойылып, оған Қазақстанда ем таппаған ата-аналар шетелдік дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр. Ал, амалы таусылғандар өзге елде ота жасау үшін қомақты қаржыны халықтан жинайды. Соңғы кездері көмек сұрап, науқас балаларының видеосын әлеуметтік желіге таратып жатқандар көбейіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ерболат Қуанышев, Адиляның әкесі

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай науқастармен қандай жұмыс жүргізеді? Қазақстанда шекара асатын пациенттерге ем-дом жасайтындай мүмкіндік бар ма?  

5 жастағы Адиляның туғаннан бір құлағы жоқ. Оң жағы ғана естігендіктен осы бес жылдың ішінде оң құлағы да есту қабілетінен айырылып бара жатыр екен. Қазақстанда ота жасайтын маман таппаған соң Үндістандық дәрігерлерге жүгінуге тура келіпті. Алайда, операцияның құны 47 мың доллар. Мұндай қаражатты қалтам көтермейді деген Ерболат қазір әлеуметтік желі арқылы қызына ота жасатуға ақша жинауды бастапты. Адиляның диагнозы "микротия, атрезия". Яғни, құлақтағы есту мүшесінің дамымауы немесе оның мүлде болмауы.    

“Операцияға деген 22 миллион теңгені тез арада жинаған дұрыс. Себебі, күннен күнге мына екінші құлағы нашарлап барады. Ол ертең кім кепіл вообще естімей қалуға.  Девальвация болып жатыр. Ертең доллар екі есеге көбейіп кеткен жағдайда менің қазіргі 22 миллионым 44 миллион болып кетуі мүмкін”, – дейді Ерболат Қуанышев, Адиляның әкесі.

Баласына шетелден ем іздеген тек Ерболат Қуанышев емес. Әлеуметтік желілерде бұдан бөлек ауыр диагноз қойылған балаларға ота жасау үшін ата-аналары халықтан көмек сұрап жатқан видеолар көптеп таралуда. Денсаулық сақтау министрлігі инстаграм, фейсбук және ю туб желілерінде мониторинг жүргізіп, көмек сұраған науқастар туралы ақпаратты жергілікті жауапты басқармаға беретіндерін айтады. Былтыр баласын шетелде емдету бойынша 122 өтініш түссе, 66 науқас өзге мемлекетте ем қабылдапты.  

“2022-ші жылға бүгінгі күнде 31 бала, 31 балаға өтініш түсірсе. Оның 23 баласы ота жасалды. 23 балаға шетелде жұмыс жүргізілді, бір балаға осы Қазақстан төңірегінде шетел мамандарын операторларды шақыру арқылы ота жүргізілді”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов.

Маманның айтуынша, негізінен онкологиялық аурулардың түрлеріне, протонды терапия және микрохирургиялық оталарды қажет ететін науқастарға Қазақстанда ем жоқ. Ал, тынбай мониторинг жүргіземіз деген денсаулық сақтау министрлігінің назарынан әлеуметтік желіде амалдың жоғынан халықтан көмек сұраған ата-аналар мен Адиля сияқты науқастар тыс қалып жатқан секілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр