Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
17 желтоқсанда аталған тұлғалар ұсталып, Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Алдағы уақытта сот күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтап, түпкілікті шешімді шығарады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"