Ауыр атлетикадағы допинг дауы: Токио Олимпидасының жүлдегері Игорь Сон 8 жылға спорттан шеттетілді
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон 2030 жылға дейін спорттан шеттетілді. Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық орталық деректеріне сүйенсек 24 жастағы спортшының допинг-сынамасынан синтетикалық анаболикалық метастерон стероиды анықталған.
Айта кетерлігі, бұл спортшының мансабындағы алғашқы допинг дауы емес. 2015 жылы ол жастар арасындағы әлем чемпионатынан шығарылған еді. Алайда кейін допинг-препараттардың ағзасына биологиялық белсенді қоспалар арқылы түскенін дәлелдей алды.
Допингтің оң сынамасы 2022 жылдың наурызында алыныпты. Ал спорттан шеттету туралы шешім енді ғана қабылданған. Допингке қарсы орталықтың спорттан шеттетілгендер тізімінде өзге де ауыр атлеттер, жеңіл атлетика мен таэквондо өкілдері де бар.
2020 жылы Токио Олимпиадасында Игорь 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған еді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық

