Ауыр атлет Бейбарыс Ерсеит жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Бейбарыс Ерсеит жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсеке Перу астанасы Лимада өтуде.
Қазақстандық зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын медаль иеленді.
Бейбарыс жұлқа және серпе көтеру жиынтығында (екі сайыс нәтижесі бойынша) 262 кг (117 кг + 145 кг) салмақты бағындырды.
Бұл бәсекеде күміс жүлдені Түркиядан келген Рамазан Йылмаз иеленді. Спортшы қос жаттығу бойынша 261 кг (108 кг + 153 кг) бағындырды. Ал үздік үштікті Ресей өкілі Абубакар Цакаев түйіндеді — 252 кг (113 кг + 139 кг).
Айта кетейік, Бейбарыс Ерсеит небәрі 16 жаста. Ол 2009 жылы 26 ақпанда дүниеге келген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

