Ауылға сел жүру қаупі төніп тұр: Алматы облысының тұрғындары президенттен көмек сұрады
Фото: Видеодан скрин
Алматы облысы Бесағаш ауылының тұрғындары Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағында заңсыз жұмыс жүргізіліп жатқанына байланысты президент пен премьер-министрге жүгінді. Айтуларынша, жер телімінің иесі шамамен бес гектар аумақтағы құнарлы қабатты сындырып, селеопас аймақтағы тауды қопаруын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жер иесінде "Жеке қолданыстағы жайылым" мақсатындағы жеке меншік акты болғанымен, жүргізіліп жатқан жұмыстарға рұқсат құжаттары жоқ. Тұрғындар мердігерді тоқтатпақ болған, алайда учаскеде ешбір ресми құжат болмаған.
"Жер сел қаупі жоғары аумақта орналасқан. Жақында ғана Бесағаштағы Бурабай ықшамауданында сел жүрді. Соған қарамастан мердігер тауды қопар жатыр. Біз мемлекеттік органнан тексеріс жүргізуді талап етеміз", – деді ауыл тұрғындары видеоүндеуде.
Әкімдіктің бұзушылықты жою туралы нұсқамасына қарамастан, қараша айында жұмыстар қайта басталған әрі одан да ауқымды көлемге ұласқан. Жер иесі бюджет есебінен бір жыл бұрын салынған еріген қар суларын бұру арналарының бірін де бұзып тастаған.
Тұрғындардың шағымында мемлекеттік органдар мен полиция олардың өтініштеріне жеткілікті түрде жауап бермей отырғаны айтылады. Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті тек "қайталанған бұзушылық" туралы формалды жауаптар беріп, жаңа фактілерді тіркемей келеді.
"Сірә, жер иесі өте ықпалды адам сияқты. Біз қанша күтеміз? Хат та жаздық, бәрін жасадық. Ешкімді тосып ала алмай жүрміз. Өтінішімізге назар аударыңыздар", – деді ашынған тұрғындар.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бұл мәселеге назар аударып, жағдайды жеке өзі тексеруге уәде берді.
Айта кетейік, бұған дейін, шамамен бір жарым жыл бұрын, Базарбек Алматы маңындағы табиғи қорғау аймақтарын түгендеп, олардың пайдаланылуын ретке келтіру қажет екенін көтерген еді.
Терреңқұр аумағындағы Алагөзовтың жер телімдерінің жанындағы жекеменшік үйлер бұзылып жатыр
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Бесағаш тұрғындары бұрын сібір жарасы инфекциясы көмілген аумақта заңсыз тұрғын үй салынып жатқанына шағымданды. Жер телімі ірі кәсіпкердің меншігінде болса да, құрылысқа ресми рұқсат алынбаған. Тұрғындар бұл аумақтағы құрылыс жұмыстары сілкініс немесе сел кезінде инфекцияның таралу қаупін тудыратынын, топырақ төгілуінен үйлерге қауіп төніп тұрғанын айтты. Қала әкімдігі мен құрылыс бақылау басқармасы құрылысқа рұқсат берілмегенін және қазіргі уақытта нысанда жұмыстар жүргізілмей тұрғанын хабарлады. Бұған дейін меншік иесіне бірнеше әкімшілік шара қолданылған, сот шешімдері қарастырылған.
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр