Ауыл шаруашылығының бұрынғы вице-министрі қайтыс болды

Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Әзімов 69 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Режиссер және продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Әзімовтың үлкен ағасы Руслан 69 жасында қайтыс болды. Руслан Жұмабайұлы Әзімов белгілі журналист және жазушы Жұмабай Әзімовтың отбасында дүниеге келді. Ол Алматыдағы ауылшаруашылық институтының түлегі, Уильямс атындағы Мәскеу ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, ғылым кандидаты", - делінген хабарламада.

Руслан Әзімов республикадағы алғашқы «Агро» мемлекеттік-кооперативтік бірлестігін құрды. Өзі құрған Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсіптік биржасының президенті болды.

1997 жылы желтоқсанда Әзімов ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Содан кейін ол ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Мемлекеттік сатып алу агенттігінің төрағасы болды. 

"Қазақстанның астық одағы" және "Қазақстанның астық пулы" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, Республикалық астық экспорттаушылар қауымдастығының президенті, президент жанындағы жоғары экономикалық кеңестің мүшесі және азық-түлік келісім шарт корпорациясы кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр