Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті

Үкіметтің қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берілген өтінішке сәйкес Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Рүстем Құрмановтың қызметтен кетуі туралы 28 шілдеде Үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Рүстем Құрманов 1981 жылы СҚО-да дүниеге келген, Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылы АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2012-2013 жылдары АШМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры, 2013-2015 жылдары АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2018-2019 жылдары "ҚазАгро" Холдингінің басқарма төрағасы, 2019 жылдың наурыз айынан бастап ҚР АШМ басшысының орынбасары болды.

Талқылау