Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Өсербай ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Жеңіс Әлібекұлы Өсербай ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, РФ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист ретінде бастаған.

2001-2002 жылдары — жеке ұйымның қаржы талдаушысы.

2004-2006 жылдары — "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері.

2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін "К-Агро" ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі болды.

Талқылау