Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарағанды облысында ауыл әкімі әйелді соққыға жыққан": Шенеунік пен арыз беруші құдалар болып шықты

Қарағанды облысында ауыл әкімі 54 жастағы әйелді ұрып тастағаны туралы хабар тараған болатын. Алайда әкімшілік сот ер адамның әрекетінде заңға қайшы ешнәрсе жоқ деген шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.  

Осыған дейін келіншек өзіне Пионер ауылының әкімі лифте қол көтергені туралы хабарлаған болатын. Ол әділдік сұрап полиция бөлімшесіне жүгінген. Алайда әкімшілік сот әкімнің әрекетінде заң бұзу болмағанын айтады. 

“Әкімшілік құқық бұзды деген айыппен тергеліп жатқан тұлғаға қатысты қандайда бір қылмыстық әрекет пен заң бұзушылық фактілері қарастырылмағадықтан, әкімшілік іс тоқтатылды”, – дейді Қарағанды ​​облысының мамандандырылған әкімшілік сотының үйлестірушісі  Венера Махабаева. 

Сараптама көрсеткендей, әйелдің денесіндегі көгерген жерлер лифттегі жанжалдан бірнеше күн бұрын пайда болған. Оның үстіне әкім мен оны айыптаушы құда-құдағи болып шықты.

Әкімнің қызы Диана Галимова әйелдің ұлына үйленген. Бойжеткен 2 шілдеде күйеуінің ұрып-соғқанын айтып, оның үстінен арыз жазған. Артынша ажырасуға арыз берген. Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ал 5 шілдеде енесі, Диананың айтуы бойынша, ата-анасының үйіне келіп, жанжал шығарды, содан кейін әкесіне жала жаппақ болды. Жанұяның көршісі жанжалдың куәгері болды, ол әкімді қорғап сотта сөйледі. Енді ақталған шенеунік жала жабу туралы талап арыз бермекші.

“Бұл провокация. Мен күйеуім Абылай Нұрсұлтанмен екі жыл тұрдым. Бұл менің әкемнің үстінен арыз түсірген Ибраева Марияш Смағұлқызының баласы. Күйеуім мені екі жыл бойы ұрып келді. Мен оның үстіне арыз жазған едім. Бірақ оның анасы менің әкемнің үстінен арыз түсірген”, –дейді Динара Галимова. 

Еске салсақ, Қарағанды облысында ауыл әкімі әйелді ұрып тастады деп күдіктелугені туралы жазған болатынбыз. 

Дана Русланқызы
Жұма, 20 Тамыз, 2021 14:19
Талқылау