Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауғанстанға көшіп кет": Баян Мақсатқызы мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке ашуланды

баян-рүстем Фото: Stan.kz 

Танымал продюсер Баян Алагөзова экс әріптесі Рүстем Жүгінісовке шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, экс өнер иесі мешітте бір реттік некеге тұруды ұсынған қызды кінәлаған еді. 

“Никах деп қыздан бір реттік жыныстық қатынас сұрап тұр. Ең сорақысы – әнші Рүстем Жүгінісов қыздарға күйеусіз немесе бауырларымен бірге бармай, жалғыз жүрмеңдер деп кеңес беріп отыр. Мен уәкілетті органдардан оның әрекетіне қатысты кем дегенде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұраймын. Өйткені бұл – әйелдердің құқықтары мен еркіндіктерін қоғамдық кеңістікте тікелей шектеу. Біз шариғат жолындағы емес, тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз. Қыз болсын, әйел болсын өзі кез-келген жерге баруға, жүруге құқылы. Айтқан сөзіңізге жауап бересіз бе? Адамдарды олай адастырмаңыз. Сізге ұнамаса, Ауғанстан, Иран, Араб елдеріне көшіп кетіңіз", – деді продюсер.



Еске салайық, Эммануелла есімді бойжеткеннің жазбасы қызу талқыға түскен еді. 

“Ол интимдік қарым-қатынас үшін "бір реттік некеге" тұру туралы ұсыныс айтты. Кейін мешітке және тиісті органдарға жүгіндім. Нәтижесінде бұл адамның ақыл-есі толық емес екені, "сары анықтамасы" бар екені және арнайы есепте тұрғаны анықталды. Өкінішке қарай, ол зиян тигізсе де, заң жүзінде жауапкершілікке тартылмайды. Сол себепті сіздерден өтінерім, ондай адамдардан аулақ жүріңіздер! Алла оның жүрегі мен санасына шипа берсін", – деп жазды бойжеткен.

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 18:04
Талқылау
`