Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен кейін алғаш рет ел алдында өлім жазасы орындалды
Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында Талибан үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен кісі өлтіргені үшін сотталған ер адам көпшілік алдында өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pajhwok порталына сілтеме жасап.

Бұл адам шамамен бес жыл бұрын адам өлтірген. Оған үш Талибан сот өкілдері айыптап, өлім жазасын Талибан жетекшісі Ахунзада қабылдаған. Өлім жазасына кесілмес бұрын қалада қоғамдық хабарлама таратылған.Би-би-си ер адамның лық толы спорт стадионында асылғанын хабарлады.
Қараша айының ортасында Талибан жетекшісі Хайбатулла Ахунзада ауған судьяларына қылмыскерлерді шариғат бойынша жазалауды бұйырды. Кісі өлтірушілерге, барымташыларға, ұрыларға және бүлікшілерге көпшілік алдында дарға асу, таспен ұру, ұрып-соғу, аяқ-қолдарын кесу секілді жазалар қатаңдатылды.
Бұл бұйрық шыққаннан кейін бірден 19 адамға көпшілік алдында дүре соғылды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан