Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ауғанстанда шахмат құмар ойындардың тізіміне енгізілді

Фото: pixabay.com

Ауғанстанда шахмат құмар ойындардың тізіміне кіріп, "Талибан" қозғалысы ресми түрде шахмат ойнауға тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sovsport басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы ресми түрде шахмат ойнауға тыйым салды.

"Он бір айда бірде-бір ресми турнир, семинар немесе шахматқа байланысты өзге де іс-шаралар болған жоқ. Федерация шенеуніктерінің көпшілігі елден кетті. Кейбір провинцияларда шахматқа тыйым салынады", – деді шахмат федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Абасин Мохиби.

Ауғанстанда 11 титулды шахматшы бар, олардың ішінде бес “FIDE шебері” және алты “Спорт шеберлігіне кандидат” (КМС) бар.


Ирандық ер адам қызын жұмысы үшін жұрттың көзінше пышақтап өлтірген


"Жеңілістің қарғысын жою үшін": “Атырау” футбол клубы “Ордабасыға” қарсы ойын алдында құрбандық шалып, кейін жеңіліп қалды


Еске салайық, бұған дейін Талибан тағы да "ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға" бағытталған бірқатар заң қабылдағанын жаздық. Бұл кодекске сәйкес әйелдің даусы күнә болып саналады. Осыған дейін әйелдерге көпшілік алдында дауыс шығарып, сөйлеуге болмайтын еді. Енді әйелдің басқа әйелмен тілдесуі де күнәға жатады.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 11 Мамыр, 2025 13:27
Талқылау