Ауғанстанда қаза болған қазақстандық азамат Отанына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды
Ауғанстанда қаза болған қазақстандық азамат Ерлан Жампейісов Отанына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды.
СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, марқұмның денесі жұмадан сенбіге қараған түні 27 қаңтарда жеткізіліп, сол күні жерленген. Жайнақов сәрсенбі күні тасымалдауға дайын болған мәйіттің жолда неге кідіргенін де түсіндірді.
Туыстары солай болсын деп сұраған, себебі олар жекеменшік ұшақпен жеткізу жолын тапқан. Артынан анықталғандай, марқұмның туыстары алаяқтарға алданып қалған.
Еске сала кетейік, қаңтардың 20-сы күні Кабулдегі «Интерконтиненталь» қонақ үйінде болған террористік шабуыл кезінде Қазақстан азаматы Ерлан Жампейісов қаза болды. 40 жастағы отандасымыз ауған жерінде телекоммуникация саласында еңбек еткен. Марқұмның артында жары, екі баласы қалды.
Тағы да оқыңыз:
Аяққа киетін шұлыққа “Алла” сөзін жазғандар мұсылмандарды ашуландырды
Аш болсаңдар көрер ем: Азамат Сатыбалды есірген жастарды сынға алды