Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанда қаза болған қазақ жігітінің туыстары алаяқтарға алданып қалды

Әділжан Исмаилходжиев есімді азамат адам өлімін пайдаланып ақша тапқан.

Марқұмның денесін елге жеткізуге көмектесеміз дегендер 500 мың теңгені алып қашып кеткен.

Әділжан Исмаилходжиев есімді азамат Кабулда көз жұмған Ерлан Жампейісовің туыстарына хабарласып, мәйітті елге жеткізуге көмектесетінін айтады.  Оған сенген жақындары алаяқтың қолына 500 теңгені ұстатқан, деп хабарлайды Елорда ақпарат.

«Мен Ерланның ағасының әйелімін. Біз «Евразия» арнасына хабарласып, қысқа репортаж жасадық. Туыстарымыз бен жақындарымызыдың телефон нөмірлерін бердік. Бәрі хабарласып көңіл айтты. Көмек беретіндерін айтты. Мұны алаяқтар да пайдаланып, Ерланның денесін елге жеткізуге көмектесетінін айтты. Олар Ерланның әкесіне хабарласып, осы сәтті пайдаланған», – дейді жеңгесі.

«Ол мәйітті жеткізетін ұшақтың нөмірі мен пилоттың телефон нөмірін, аты-жөні мен уақытын жазып берген. Әкеміз бізге бұл туралы айтқан жоқ. Кейін білен соң тексерсек, ондай ұшақ та, ұшқыш та жоқ болып шықты», – дейді жеғгесі.

Алаяқтар ҚР СІМ-мен келісіме келгенін, олардың рұқсат еткенін де айтқан.

Ал, СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов марқұмның денесін жеткізу мәселесі қазақстандық дипломаттардың күшімен шешілгенін айтты.

Еске сала кетейік, Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы ажал құшқан еді.

Бұған дейін, Ерлан Жанпейісовтің денесін Қазақстанға жеткізуге 20 мың доллар қаражат қажет екенін хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыдағы кішкентай қыздың өліміне дәрігерлердің кінәсі бар екені белгілі болды

Таразда жоғалған сарбаз: Біреулер хабарласып ұлымыздың қол-аяғын байлап ұстап отырғандарын айтты

Ақтөбелік ардагер: Әйел мұғалімдердің көптігінен қоғамда қыз мінезді жігіттер тәрбиеленіп жатыр

Талқылау