Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік ардагер: Әйел мұғалімдердің көптігінен қоғамда қыз мінезді жігіттер тәрбиеленіп жатыр

Ақтөбелік ардагер қоғамдағы қыз мінезді жігіттердің көбеюін әйел мұғалімдердің тәрбиесіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Ақтөбе қаласының тұрғыны Көшкінбай Ахметов өңірдің 2017 жылғы  әлеуметтік-экономикалық қорытындысына арналған кеңеске қатысып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа сауал қойды.

«Қазір қыз мінезді ұлдар көбейіп барады. Себебі, балабақшада әйелдер тәрбиелейді, мектепте әйелдер сабақ береді. Колледж бен өзге оқу орындарда тағы да әйелдер басым. Бұл болашақта ер балалардың шешім қабылдауына кері әсерін тигізеді. Экономика, өндіріске барған ер азаматтардың нақты шешім қабылдай алмауы мүмкін. Сондықтан балабақшадан бастап балаларды ер мінезді етіп тәрбиелеуіміз керек. Демек жоғары оқу орындарындағы педагогика мамандығына ер балаларды қабылдап, оларға квота бөлген жөн. Әрі мұғалім болып жұмыс істейтін ер адамдардың жалақысын көтеру қажет. Мектептерге ер адамдарды жұмысқа қабылдаған дұрыс. Арнайы бағдарлама қабылдасақ, ер мінезді азаматтар экономикамыздың өсіміне септігін тигізер еді»,- деді ардагер Көшкінбай Ахметов.

Ардагердің өтініші мен ұсынысын тыңдаған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев әр адам бәрін өзінен бастау керектігін жеткізді. «Әр адам өзінен бастау керек. Біз ұсынысты ескеріп, сізбен келісеміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та мұғалімдердің еңбекақысын көтеруге Үкіметке тапсырма берді. Қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы көтерілді. Ал ер балаларды педагогика саласына тарту үшін бәріміз бірге жұмыс істеуіміз керек»,- деді облыс әкімі.

Тағы да оқыңыз:

Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қыздарға ескерту жасап жүрген азамат өз әрекетін түсіндірді

Кәсіподақ ұйымы: Әкімдер құлша жұмысқа жегіп, көше сыпырып жүретін мұғалімдердің мәртебесін арттыру керек

Теміртауды басқан қара күйеге кінәлілер анықталды

Талқылау