Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауды басқан қара күйеге кінәлілер анықталды

Теміртауды басқан қара күйенің 77 пайызы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының метталургиялық комбинатынан шыққан қалдықтар, деп хабарлайды КТК.

Қара күйеге өз үлестерін қаланың айналасындағы тағы бірнеше өндіріс орындары да қосыпты. Мұны Теміртаудың қарын зерттеген арнайы комиссия айтып отыр. Осыған байланысты биліктегілер, экологтар және өндіріс орындары өкілдері арасында ұзақ әңгіме болып, мәселені шешу жолдары қаралды.

Қаңтардың басынан бері қаланың қара түске айналған қарынан сынамалар алған комиссия оның құрамында металл қалдықтарының көбін анықтаған. Бұл қалдықтар комбинаттан ғана шағытынын ескерсек, таяқтың басы алпауыт компания өкілдеріне тиді.

“Алынған сынамалардың құрамында темір өте көп. Темір тек метеллургия өндірісінен ғана шығады”, – дейді Кәсіби экологтар қауымдастығының өкілі Владимир Матонин.

Компания өкілдері қаңтардың басында қалаға қара күйенің түсуін желсіз ауа райының болғанымен байланыстырады. Әйтпесе, соңғы жылдары ауа құрамына зиянды қалдықтарды шығармайтын құрылғыларды орнатқан екен. Бұл үшін жүздеген миллион теңгені тәрк етіп жатқандарын айтып тулады.

“Мәселен Чехияда комбинатта жылына 4 миллион тонна болат өндіретінбіз. Біз бұл жоспарды 2 миллион тонаға дейін азайттық. Салдарынан жұмысшылардың саны да 5 есеге азайды да, ақыры өндіріс тоқтады.  Егер осылай шулай беретін болсақ, экономикалық тілмен айтқанда біздегі комбинаттың жұмысы тоқтайды. Комбинат та, жұмыс та болмайды бұл жерде”, – дейді “АрселорМиттал Теміртау” АҚ атқарушы директоры Вадим Басин.

Айтуларынша, экономикаға ауқымды үлес қосып отырған өндіріс орны жұмысына кедергілер көп болса, комбинат тиімділігінен айырылады екен. Онда оны ұстаудың пайдасы шамалы дейді. Ал өндірісте 10 мыңнан аса адам нәпақа тауып отыр. Ұзақ айтыс-тартыстан кейін, биліктегілер қаладағы ауа құрамын метеорологтар үнемі зерттеп тұратынын айтты.

“Енді өндіріс орындары атмосфераға зиянды қалдықтарды белгіленген мөлшерден асыра шығарып жатса, олар өндіріс қарқынын бәсеңдетулері керек. Біз мұны қатаң қадағалауда ұстаймыз. Талапты орындамағандарға айыппұл салынады”, – дейді  ҚР энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков.

Алпауыт компания былтырғы жылы ауаны ластағыны үшін 600 миллион теңге айыппұл арқалаған. Ал қара қарға байлынсыты қаңтарда басталған тексерістердің қортындысы енді шығады. Ол бойныша тағы айыпұл салумен қатар, экологияны жақсарту бағытына да қаражат жұмсауға міндеттейміз дейді шенділер. Оның қаншалықты орындаларын уақыт көрсетеді.

Тағы да оқыңыз:

Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қыздарға ескерту жасап жүрген азамат өз әрекетін түсіндірді

Кәсіподақ ұйымы: Әкімдер құлша жұмысқа жегіп, көше сыпырып жүретін мұғалімдердің мәртебесін арттыру керек

Алматылық вундеркинд бала латын әліпбиінің жаңа нұсқасын жасап шықты

Талқылау