Ауғанстанда әйелдерге университеттерде оқуға тыйым салынды
Бұдан былай ауған әйелдері университеттерде оқи алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Үш ай бұрын мыңдаған ауғандық қыздар жоғары оқу орындарына түсу үшін емтихан тапсырды. Алайда олар оқи алатын мамандықтар шектеулі еді. Қыздарға ветеринария, инженерия, экономика және ауыл шаруашылығы саласында оқуға тыйым салынды және журналистика факультеті бойынша шектеулер бар.
Ауған әйелдері білім алу мүмкіндігінен айырылуда. Талибан билікті басып алғаннан кейін қыздар мен ұлдар бөлек оқитын болды. Қыздарға тек әйел профессорлар немесе егде жастағы ер адамдар сабақ бере алады. Ал қыздарға орта мектептерге баруға тыйым салынды.
Осы жылдың күзінен бастап әйелдердің қалалық саябақтарға, бассейндерге және спорт залдарына баруға құқығы жоқ.
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ