Басты жаңалықтар
Ауғанстан азаматтары қазақстандық шенеунікке пара беріп, Ресейге өтпек болды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан арқылы Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз адам өткізіп келген Ауғанстан азаматтарын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰҚК
Комитет 16 наурызы күні Ауғанстанның 4 азаматын қазақстандық лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп жатқан кезінде құрықтады.
Тергеу материалдарына сәйкес, осы қаражатпен шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдамақ болған.
“Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған