Ауған азаматтарын Ресейге заңсыз өткізіп жібермек болған қазақстандық жауапқа тартылды
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз департаментте өткен брифингте қазақстандық азаматтың мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерін айналып өтіп, Ресейге Ауғанстанның екі азаматын тасымалдауға тырысқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұрділдә Ораз ІІМ тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейткенін атап өтті.
"Өткен аптада Қостанай облыстық соты заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін қазақстандыққа үкім шығарды. Ол қараңғы түнде Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерін айналып өтіп, екі Ауғанстан азаматын алып өтпек болған", – деді ол.
Жалпы, оның айтуынша, көші-қон ахуалын талдау шетелдіктердің елге заңды түрде келетінін көрсетеді, бірақ кейбір жағдайларда олар көші-қон заңнамасын бұзушыларға айналып жатады. Ал бұл ретте оның атап өткеніндей, бұл әрекетке Қазақстан азаматтары көмек қолын созады.
- Тәжікстан президенті қазақстандық шекарашыны марапаттады
- "Өз елімізде туып, ана тілін білмейтін мыңдаған қазақтар бар": Белсенді Ауғанстандағы этникалық қазақтардың мәселесі жайлы айтты
- "Әкімшілік уәдесін орындамады": Ираннан СҚО-ға келген қандастар қиын жағдайда күн кешіп жатыр
"Түркістан облысында әртүрлі құрылыс алаңдарында құжатсыз заңсыз жұмыс істейтін 98 шетелдік азамат анықталды. Осыған ұқсас фактілер Шымкент, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында да тіркелді", – деп қосты Нұрділдә Ораз.
Сонымен қатар, оның сөзінше, қазақстандықтар оңай ақшаға ұмтылу жолында шетелдіктерге баспана ұсынады немесе көші-қон заңнамасын бұзатын заңсыз іс-әрекеттерге көмектесетін көрінеді.
Осылайша 2021 жылдың қыркүйегінде қазақстандық елге заңсыз келген үш шетелдікке баспана берген. Ішкі істер министрлігі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің "Тұрғын үй беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
