Әуе шоу кезінде ұшақ апатқа ұшырап, жарылды (видео)
Венгрияның Секешфехервар қаласына жақын жерде әуе шоуы кезінде спорттық ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MTI басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұшақтан ақау пайда болып, жерге құлап, жарылған. 4 адамның түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болды.
"Жол апаты салдарынан 67 жастағы әйел мен 37 жастағы ер адам қаза тапты", - делінген хабарламада.
Анықталғандай, ұшақ тұрақ маңына құлап жарылған. Сол жерде тұрған көліктердің бірі өртеніп, 2 ересек және 2 бала күйік және басқа да дене жарақаттарын алған. Олар жедел жәрдеммен Секешфехервар мен Будапешт ауруханаларына жеткізілді.
Қайғылы оқиғадан кейін авиашоу тоқтатылды. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз, тергеу басталды.
A tragic aviation accident today from Hungary. A T-28 Trojan (HA-RDM) crashed in an airshow at Székesfehérvár, all three onboard were killed. pic.twitter.com/3PZgmZTwmh
— Csaba B. Stenge Ph.D. (@CsabaBStenge) September 10, 2023
Талқылау