Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшқыш әуеде есінен танып, ұшақ 10 минут басқарусыз қалған

Фото: pixabay.com

Lufthansa әуе компаниясының Франкфурттан Севильяға бағыт алған рейсі кезінде Airbus A321 ұшағы шамамен он минут бойы есін жоғалтқан ұшқыштың бақылауында ұшқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Испанияның авиациялық оқиғаларды тергейтін комиссиясының мәліметінше, оқиға 10 700 метр биіктікте болған.

Ұшақ командирі (капитан) әжетханаға шығу үшін кабинадан шыққан сәтте, екінші ұшқыш кенеттен есінен танып қалған. Болжам бойынша, бұл жағдай ұстама (приступ) салдарынан болған. Автопилот бағытты ұстауды жалғастырғанымен, ес-түссіз жатқан ұшқыштың дене қалпы салдарынан ұшақ сәл ауытқып кеткен.

Ал капитан әжетханадан келіп, кабинаға қайта оралғанда кабина есігі құлыпталып, кіру коды жұмыс істемей қалған. Себебі ішіндегі екінші ұшқыш рұқсатты растай алмаған.



Сегіз минуттан кейін екінші ұшқыш есін жиып, есікті қолмен ашқан. Капитан дереу басқаруды өз қолына алып, әріптесінің бозарып, терлеп, жайсыз сезінгенін көріп, дереу Мадридке шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Қонғаннан кейін екінші ұшқышты дәрігерлер тексеруге алған.

Тергеу есебінде ұшқыштың есінен тануына бұрын анықталмаған неврологиялық ауру себеп болғаны жазылған.

STAN.KZ
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 20:21
Талқылау