Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуе жарысы кезінде екі ұшақ соқтығысып, екі ұшқыш қаза тапты (видео)

АҚШ-та Невада штатының Рено қаласындағы шоуда әуе жарысы кезінде екі ұшақ соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aif басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 14:15 шамасында болған. Екі ұшақ қонған кезде соқтығысқан.

"Екі ұшқыштың да қаза тапқаны расталды", - делінген қауымдастықтың X* (бұрынғы Twitter әлеуметтік желісі) әлеуметтік желісіндегі хабарламада.

Көрермендерден ешкім зардап шеккен жоқ. Тергеуді Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі, жергілікті билік органдары және АҚШ федералды авиация әкімшілігі жүргізеді.

Талқылау