Әуе билетін тиімді бағада сатып алу жолдары
«Эйр Астана» әуекомпаниясында билеттерді ең тиімді бағада сатып алу жолдары, сонымен қатар компанияның тарифтік саясаты жөнінде айтып берді. «Эйр Астананың» Қазақстан және БҰҰ-дағы сатылым бойынша директоры Серік Ырысұлының сөзінше, ең төменгі тариф аса танымал болып табылады. Қазақстандықтардың 46%-ы билеттерді осы тариф бойынша сатып алады екен.
Сонымен қатар орташа тариф бар. Оны қолданатын қазақстандықтар саны 31%-ды құрайды. Одан бөлек ардагерлер мен балаларға (соңғысын компания қайырымдылық ұйымдарымен біріге отырып тасымалдайды) арналған тариф түрлері де қарастырылған. Жыл басынан бері ардагерлер компаниядан 2 мыңнан астам әуе билетін тегін алған.
Бірақ ерекше санаттағы азаматтар қатарына кірмейтін адамдар да билеттерді тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие. Ол үшін мыналарды ескеру қажет:
1. Икемді уақыттарды таңдаған жөн. Жақын күндерде ұшудың барлық нұқасын қарап шығыңыз.
2. Халықаралық рейстің жөнелтілуінен 2 ай (50-60 күн) және ішкі рейс жөнелтілуінен 2 апта бұрын әуебилеттері ең жақсы бағада сатылады.
3. Әуекомпаниясының таралымдарына жазылып, науқандар мен арнайы ұсыныстар жайлы бірінші болып біліңіз.
4. Бару/қайту билеттерін апта ортасында сатып алыңыз. Ең арзан билеттер сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері, ал ең қымбаттары демалыс күндері мен мейрамдарда сатылады. Сенбіден жексенбіге ауған түнді таңдалған белгіленген орында өткізуге тырысыңыз.
5. Бару әуе билеттері таңертеңгі және күндізгі билеттерге қарағанда, кешке немесе түнде арзанырақ сатылады. Компания еске салғандай, бұл жағдайда таксиге жұмсалар (басқа көлік жүрмеуі мүмкін) қосымша шығынды ескерген жөн.
6. Маусым аралығында ұшыңыз. Маусым аралығы міндетті түрде ауа-райының бұзылуын білдірмейді. Тек бұл уақытта саяхаттайтын адамдар саны аз. Демек әуе билеттерінің құны ғана емес, мейманхана бағасы да арзандайды.
7. Бірден бару/қайту билеттерін алыңыз. Бір бағыт билеті қайту билетіне қарағанда қымбатырақ болуы мүмкін.