Әуе апатына тап болған Ту-154 ұшағымен Иосиф Кобзон да аттануы тиіс болған
Апатқа ұшыраған ресейлік ұшаққа қатысты жаңа деректер шығуда. Әуе кемесінде болған Александрова атындағы ансамбль өзінің негізгі құрамынан айырылып қалды. Сондай-ақ, бортта жаңадан үйленген жұбайлар да болыпты.
Сонымен қатар, әуе апатынан аман қалғандар да бар. Солардың бірі – халық әртісі Иосиф Кобзон. Ол медициналық визасына және емделуге жоспарлаған сапарына байланысты ұша алмай қалған. Музыкант осыған дейін де Сирияда музыкалық іссапармен болған екен. Ал бұл жолы оны шақырған әріптестеріне келісім бермеген.
Түрлі себептермен Мәскеуде қалып кеткен әртістер қатарында Ресейдің халық әртісі Валерий Галла мен Борис Дьяков та бар.
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша бортта 92 адам болған. Қазіргі таңда ұшақ құлаған орында әлі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуе апаты Қара теңіз үстінде 25 желтоқсан күні болды. Ту-154 ұшағы Сириядағы Хмеймим базасына аттанып бара жатқан. Ұшақта негізінен әншілер мен әртістер, журналистер болды.
Осыған дейін Александров ансамблінің солисі Вадим Ананьевтің ұлының дүниеге келуінің арқасында әуе апатынан аман қалғанын хабарлаған болатынбыз.
Оқи отырыңыз:
Желіде «Роза Рымбаева қайтыс болды» деген ақпарат тарады