Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аударылып түсті": Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Алматыдағы Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) жантүршігерлік жол апаты болды. Соқтығысу салдарынан автокөліктердің бірінің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 20 қазан күні Сахариев көшесінен төмен ШААЖ-да болды. Апатқа Mercedes Benz G-класты және Toyota Caldina автокөліктері ұшырады.

Куәгерлер мен Toyota Caldina жүргізушісінің айтуынша, Mercedes Benz оң жақта солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Сол бағытта, бірақ орта қатарда Toyota Caldina жүріп келе жатқан.

Бір сәтте неміс көлігінің жүргізушісі орта жолға қайта бұрыла бастаған, маневр жасау кезінде машина Toyota Caldina-ның алдыңғы бамперіне соқтығысқан.

Нәтижесінде екі машинаның жүргізушісі рульге ие бола алмай қалды. Mercedes Benz аударылып, қайта дөңгелекпен жерге түсті. 

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі - 1991 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Toyota көлігін басқарған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Талқылау