Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауаға зиян заттар тарайды": Синоптиктер еліміздің жеті қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер 3-4 наурыз Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Қарағанды және Орал қалаларында метеорологиялық жағдайларға байланысты ауада ластаушы заттардың тарайтынын айтып, тұрғындарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото iStock

Қазгидрометтің мәліметінше, бұл қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғарылайды.

Ластаушы заттардың ішінде: күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, күкіртсутек бар. Жоғары концентрацияда бұл заттар улы болғандықтан адам ағзасына зиянын тигізеді.

Қолайсыз метеожағдайлар-атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсияның) әсерінен туындайды.

Еске салсақ, синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

 


Талқылау