Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауа жетпей, тұншыға жаздадық": Шымкентте тұрғын екі баласымен істен шыққан лифт ішінде қалып қойған

Шымкентте 14 жасар ұлы және бір жасар сәбиімен Тамерлановское тас жолының бойындағы көпірге салынған сынған лифтке мінген тұрғын ішінде қамалып қалды. Айтуынш аптап ыстықтан ысыған лифт ішінде ауа жетпей тұншыға жаздаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Elitar.kz порталына сілтеме жасап.

Кешкісін отбасымен үйіне қайтып келе жатқан Шымкент тұрғыны екі баласымен жолды қысқарту үшін көтергіш лифтті қоланғысы келген. Алайда лифт кенеттен тоқтап қалған. Әйелдің айтуынша кейін күні бойы қызып кеткен кабинаның жабық кеңістігінде тыныс алу мүмкін болмаған.

"10 минуттан кейін тыныс алу қиындады. Ауа жетпей, тұншыға жаздадық. Қайта телефоным өзіммен болып, күйеуіме хабарластым. Ол бізді қарсы аламын деген еді. Кейін жағдайды естіп екі жақтан  дүрбелеңге түстік. Ол бірден базар жаққа барып, полиция бекетіндегі қызметкерді тауып көмек сұрады. Ал мен шығуға көмектесу үшін лифттен полиция шақырдым. Біз онда 20 минут тұрдық. Қатты ыстық, қорқынышты болды. Содан кейін олар жүйені қайта іске қосып, лифт жоғары көтеріліп, ашылды", - деді әйел.

Аудан әкімдігі лифтінің істен шыққанын білгенін айтты, бірақ олардың мәліметі бойынша кабина бірінші және екінші қабат арасында бір-екі минутқа қана тұрып қалған.

"Біздің лифтші лифтіні 1,5 минут ішінде қайта іске қосып, ол қайтадан жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні біз бұл лифттің жұмысын толық тексеретін инженерлерді шақырдық. Өз кезегінде шағымды қарауға қабылдағанымызды атап өтеміз. Біз лифттің жұмысын бақылап отырамыз, оның жұмысын жақында тексердік. Тоқтауының нақты себебін инженерлер тексергеннен кейін айта аламыз", - деп түсіндірді Тұран ауданы әкімі аппаратының қоғамдық орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Жәңгірхан Байсалов.

Талқылау