Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа температурасы 12°C-қа дейін төмендейді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

12-14 тамыз күндері оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында нөсер жауын, бұршақ, 15-28 м/с екпіндегі жел болжанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, найзағай кезінде желдің күші артуы мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.

“Қазақстанның батысында, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары температурамен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында 42°C-қа  дейін аптап ыстық сақталады.

Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы күндіз 12-20°C-қа  дейін төмендеуі мүкін. Еліміздің оңтүстік-шығысында температура 20-28-ге дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Талқылау