Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауа райына қарамай, қалай ұшқандары белгісіз": Авиасарапшы Оралда құлаған Ми-8 тікұшағына қатысты айтты

Авиация сарапшысы Әбіл Кекілбаев Оралда құлаған ұшақтың ұшу уақытындағы ауа райы жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

"Шамасы, ауа-райы күрт өзгеріп кеткен болуы мүмкін немесе қатты жел соққан. Мұны фотосуреттерден көруге болады", –  деді ол.

Бұған дейін Әбіл Кекілбаев апат қарлы боран мен қатты желдің салдарынан болуы мүмкін деп түсіндірген болатын.

"Менің білуімше, қарлы боран, қатты жел болды. Ұшуға болмайтын ауа райында білікті экипаж ұшуға шешім қабылдамас еді. Оның үстіне қолдарында ауа-райы туралы ақпарат болды. Бірақ олардың ауа райына қарамай, қайтып ұшқаны белгісіз”, – дейді Әбіл Кекілбаев.


Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апаты: Тірі қалған инженер оқиғаның мән-жайын айтып берді


Сонымен бірге ауа райының қолайсыздығы туралы мұндай ресми ақпарат түскен жоқ.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында МИ-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонды. Экипаждың төрт мүшесі – инструктор-пилот, екінші пилот, бас инструктор-бортмеханик пен жетекші инженер оқиға орнында көз жұмды. 

Талқылау