Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында ауа райына байланысты 13 рейс ұшпай қалды

Астана халықаралық әуежайында 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұшақтардың кідіруіне елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп болып отыр.

"Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, демалыс күндері астанаға айлық нормадан асатын қар түсіп, барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне қосылды.

Талқылау