Боран, қар мен жаңбыр күтілуде: Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" РМК 19-21 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Апта соңында, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Алайда, 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға жаңа жер аудандарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды.
“Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысып, 21 наурызда республиканың көп бөлігін қамтиды. Осыған байланысты ауа температурасының жоғарылауы және ауа райының нашарлауы күтіледі – қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, боран. Республика бойынша тұман күтіледі", - делінген синоптиктер хабарламасында.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн