Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Қуандық Бишімбаевтың зәулім коттеджі табылды

Бишімбаевтың зәулім коттеджі табылды. Лобби жасау үшін 2 миллион доллар алған. Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жауап берген «Шымкентхиммонтаж» зауытының бұрынғы директоры экс-министрге осынша пара бергенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жалпы шатылып жатқан бас-аяғы 23 адамның 20-сы кінәсін мойындап отыр.  Тек, бұрынғы Ұлттық экономика министрі тағылған айыптармен келіспей отыр. Ал бүгін біздің тілшілеріміз Бишімбаевтың бюджеттен ұрлаған ақшасына салды деген Астана маңындағы Қосшы ауылындағы зәулім үйін көріп келді.

Сот алдында жауап беріп жатқан Жақсылық Исабек «Шымкентхиммонтаж» зауытының бұрынғы директоры. Қуандық Бишімбаевқа аса ірі көлемде пара бергені үшін айыпталып жатыр. Кінәсін толық мойындаған. Айтуынша, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына қатысу үшін Бишімбаевқа ауызбастырық беруге мәжбүр болған.

“Бәйтерек” холдингімен келісімге келіп, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына араласқымыз келген. Бірақ, ол оңай болмағандықтан, таныстардың көмегі арқылы  Бишімбаевпен мейрамханада кездесіп, сөйлескенбіз. Сол кезде ол жобаға қатысқың келсе, пара бер деп ашығын айтқан. Сұраған сомасы 2 миллион доллар”, – дейді ол.

Қыруар ауызбастырықты Исабек 10 күн ішінде тауып беруге келісіпті. Сөйтіп, ақшаны досынан қарызға алып, кейін оны Бишімбаевтың бауыры Нұрлыбек Сұлтанға берген.  Пара алмасу үшін «Ақсәуле» дейтін құпия сөзді айыпталушылар осы кезде қолданған екен. Жалпы сотта торда отырғандардан түгелдей жауап алынып жатыр. Бұған дейін «Бәйтерек Девелопменттің» бұрынғы төрағасы сөз сөйлеген. Бақыт Жақсыбаев Бишімбаевтың тапсырмасымен Астана іргесіндегі Қосшы ауылында зәулім коттедж салғанын айтқан болатын. Бірақ, экс-минитсрдің адвокаттары ешқандай коттедж жоқ деп отыр.

“Жылжымайтын мүлік тіркелмейінше оны үй деп санауға болмайды. Бишімбаевқа тиесілі делінген коттедж ешқайда тіркелмеген. Сондықтан, заң бойынша оны үй емес, тек құрылыс материалдары деп айтқан дұрыс”, – дейді Қ.Бишімбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин.

Бірақ, Қосшы ауылындағы мына ағаштан салынған хан сарайындай үйге қарап олай деп айту қиын. Министр бюджеттен ұрлаған ақшасына салды деген коттедждың құрылысы толығымен аяқталған.

Ұлттық бюроның мәліметінше құны 100 миллион теңгеден асатын қыруар қаржыға бағаланған Бишімбаевтың зәулім сарайы осы. Орналасқан жері осы уақытқа дейін айтылмай келген коттеджде көптен бері адам болмағаны көрініп тұр. Айналада бірде-бір аяқ ізі жоқ.

Аумағы 500 шаршы метр болатын алып үйде сауна бассеин мен үлкен хол және үш жатын бөлме бар. Енді оның кімге тиесілі және қандай қаржыға салынғанын сот анықтауы тиіс. Өйткені, Бишімбаев бұл үйге мүлдем қатысым жоқ деп отыр. Жалпы, бұрыңғы Ұлттық экономика министрі аса ірі көлемде пара алып, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген бюджеттің бір миллиардтан астам ақшасын ұрлады деп айыпталып жатқанын айта кетейік.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда жаңа туған баласын құрылыс алаңына лақтырып кеткен келіншекке үкім шықты

Қарағанды облысында жарылғыш зат шығаратын зауыт салынады

Танымал қазақ актері ұлы сал боп туған соң, әйелімен ажырасып кетті (фото)

Қазақстандық студент Австрия президентімен селфиге түсті

Талқылау