Атышулы істегі Аян Мейірбаевтың психикасы бұзылғаны анықталды
Бүгін Ерасыл Әубәкіровке қатысты атышулы істегі Аян Мейірбаевтың қорғаушысы Ерлан Біләлов баспасөз мәслихатын өткізіп, зардап шегушіні кім, қалай, не үшін өлтіргенін, сондай-ақ, өзі қорғап шыққан Аян Мейірбаевтың психикасы бұзылғанын айтып берді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Сөзімнің басын Аян Мейірбаевтың денсаулығына қатысты ақпараттан бастасам. Аян Мейірбаев болған оқиғалардан кейін психикалық соққы алып, ем қабылдау үстінде. Зардап шеге тұра, түрмеге отырып шығу өте қатты психологиялық жарақат. Оның психикасы аздап бұзылды…”, – дейді Біләлов.
Сондықтан да, белгілі кәсіпкер Мейірбаевтың ұлы Аян ем қабылдап, психикасын шетелде емес, Қазақстандағы ауруханалардың бірінде қалпына келтіріп жатыр екен.
“Әлгі видео халықты дүр сілкіндірді. Көп пікір айтылды, Аян Мейірбаевты адам өлтірді деп кінәлауда. Бірақ, Аян Мейірбаевтың бұл қылмысқа қатысы жоқ. Бұл соталды тергеу барысында дәлелденді. Аян Мейірбаев зардап шеккенін дәлелдеп, зардап шегуші ретінде жауап берді. Оқиға былай болған: Аян Мейірбаев коттеджге келген кезде оның аяқ-қолы байланды. Басына пакет кигізіп, қолына кісен салған, көзі мен аузын байлаған. Сосын оған аямай арақ берген. Күшпен арақ беріп, мас қылдырған. Біздің болжам бойынша, араққа психотропты заттар қосылған. Себебі, Аянның көп уақыт бойы азғасы удан қайта алмай жүрді”, – дейді Біләлов.
Біләловтің сөзіне сенсек, кеше Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп 20 жылға сотталған Нұрбек Әжімбай Аян Мейірбаевтың әкесінен 135 млн теңге көлемінде ақша бопсалағысы келген. Яғни, өзімен бірге оқыған Аян Мейірбаев оған әкесінің жуық арада өте қымбат келісім жасағалы жатқанын айтқаннан кейін, Әжімбай Аянды пайдаланып, ақша таппақ болған. Сондықтан, Аянды да, марқұм Ерасылды да алдап, коттеджге алып келген. Бірақ, адвокат Ерасыл неге өзі танымайтын адамдар шақырған жерге барғанын түсіндіре алған жоқ. Аянды масайтып, оған “сен Ерасыл Әубәкіровпен жақындастың” дейді. Ал мас Аян Мейірбаев бұны шын көріп, Ерасыл Әубәкіровті жығып алып, бұл шын ба, жоқ па деп сұрап жатқан көрінеді. Міне, дәл осы сәтті видеоға түсірген Әжімбай Аянның әкесін бопсалай бастайды.
Әубәкіровтің ата-анасының адвокаты айтқандай, Ерасылды қылмыскер қылқындырып өлтірген.
Міне, 2016 жылдың ақпан айында Астананы ғана емес, Қазақстанды дүр сілкіндірген Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты қылмыстың біз білмей келген құпиясы осы екен. 12 қазан күні Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген Нұрбек Әжімбай 20 жылға, сыбайластары 11 жылға сотталды.
Оқи отырыңыз:
Пәктігінен айырылған қазақ қызы амалсыздан көңілдес болып жүр
Дін істері министрі Ермекбаев «ифтар», «машалла» сынды сөздерді пайдаланбауға кеңес берді
Мектеп басшысы Құран сүресін жатқа айтқан 5 жасар қызды мектепке бірден қабылдаған