Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы “Джейран” тобы тарап тынды

Белгілі отандық “Джейран” тобы өз жұмысын тоқтатты. Топтың тарқағаны туралы музыкалық арналардың бірі хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Джейран

“Ресми түрде. “Джейран” тобы тарап тынды”, – деп хабарланды “Гәкку” арнасының ресми парақшасында.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған топқа Әділжан Юсупов продюсерлік еткен. Ол – Баян Алагөзованың күйеу баласы, Баянның сіңлісі Бағым Мұхитденованың күйеуі.

Алғашқыда квартет болып құрылған гелзбендте соңғы кездері үш қыз өнер көрсетіп келді. Олардың қатарында Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай да бар. Сондай-ақ, топта Медина және Фариза есімді қыздар өнер көрсетті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Қаңтар, 2019 11:19
Талқылау