Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы “Әділ Қытай” мафиясының қылмысын жасырып келген полковник Қасабеков сотталды

Бүгін Алматы соты  құзырлы органдар ғана емес, қылмыс әлемінде де танымал Бақыт Қасабековке үкім кесті. Оңтүстік астананың Әуезов аудандық ішкі істер басқармасын басқарған ол қылмыстық топпен байланысқаны, пара алғаны үшін айыпталған болатын. Атышулы полковникті өткен мамыр айында құрықтағанда әріптестеріне тіпті қарулы жасақ шақыртуға тура келген, деп хабарлайды КТК арнасы.

 

Даурыққан дауысын қапшық тұншықтырған азамат Руслан Рамазан. Мамырдың аяғында құрықталған атышулы «Әділ Қытай» қылмыстық тобының бір мүшесі. Ал, кісенделген қолы артына қайырылған Әділжан Зайнаудинов сол ұйымның серкесі. Бұлар Қытайдан контрабанда тауар тасып, алтын сатқан, тіпті адам өлтіргендері де бар. Ал, олардың Алматыда тайрандап жүруіне сол кездегі Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Бақыт Қасабеков жағдай жасапты. Көп нәрсеге көз жұма қарағаны үшін жүйелі түрде пара алған. Соңғы рет 2 млн теңге парамен ұсталған полиция полковнигі енді сол өзі қолдау көрсеткен қылмыскерлері сияқты 5 жыл түрмеде отырады.

“Қылмыстық кодекстің 46 бабы 5-ші тармағына сәйкес Қасабеков жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Сотталған Қасабековті қамауда ұстау туралы шешім сол қалпында қалады. Ал, оның жазасын өтеу уақыты 2017 жылдың 30 шы мамырынан бастап есептеледі”, – дейді Алмалы аудандық сотының судьясы Қуаныш Әріпов.

Қасабековтың дүние-мүлкі де тәркіленуі тиіс. Ол аздай, қасықтап жинаған абыроймен жеткен полковник шені мен өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.  Қасабеков бұл шешімге ләм-мим деп тіл қатпады. Тек қолына кісен салып сот залынан шығарғанда адвокатымен кеңесіп үлгерді. Айыбы тайға таңба басқандай болғанмен, ақтар деген үміттерін арқалап келген жақындары солғын жанармен шығарып салды.

Білдей бір басқарма бастығының басы шатылуы «балықтың басынан шіритінін» кезекті рет айғақтады. Қаналғанға қорған, антына адал болуы тиіс полиция полковнигімен бірге кезінде сол қылмыстық топтың 17 мүшесі де ұсталған болатын. Ал Қасабековтың өзі апелляциялық шағым түсіре ме, жоқ па ол турасында адвокаттары тіс жарған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысының әкімі: Мен қазақ тілінде өлең жазып, ән айтамын

Алматы облысында жаңғақ бақшалары қолға алынды

Алматы облысында Нарынқол ауданы құрылады

Қызылордалық келіншек көп балалы ананың іш киімін ұрлап киіп, балалы болды

Талқылау