Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық балықшылар салмағы 100 келі болатын бекірені ауға түсірді

Атырау бекіре шабақтарын өсіру зауыты үшін көктемгі балық аулау маусымы сәтті басталды.

Атыраулық балықшылар салмағы 100 келі болатын бекірені ауға түсірді

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Балық зауытының тапсырысымен жұмыс істейтін өндірістік кооператив балықшылары салмағы 100 келі, ұзындығы 2 метр болатын алып бекіре ұстады. Ауға түскен бағалы балық бекіренің  қорытпа деген түрі. Зауыттар енді  бұл су жәндігінің ұрығын алып, арнайы зертханада көбейтуді көздеп отыр.

Соңғы 15 жылдан бері тұқымы  сиреп кеткен бекіре тектес балықтарды аулауға мүлде тыйым салынған. Қазір тек ғылыми-селекциялық бағытта аз көлемде ғана аулауға  рұқсат етіледі.

Бағалы балық қорын толықтыруға атсалысып жатқан Атыраудағы екі зауыт жыл сайын 7 миллион дана бекіре шабағын өсіріп, Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жібереді.

Оқи отырыңыз:

Танымал дәстүрлі әнші Аяз Бетбаев дүниеден озды

Қырғыз автобусына шабуыл жасау оқиғасы: Оқ тиген адам Ресей азаматы болып шықты

Шымкентте экс-футболшы қайырымдылыққа ақша жинап, өз қажеттілігіне жұмсаған

Қостанайда зират басында жайылып жүрген жылқылардың иесі жазаланды

Талқылау