Атыраудағы компания өз еркімен жұмыстан шыққандарға 20 мың доллар төлейді
Атырауда өңірдегі Теңіз және Корольдік мұнай-газ кен орындарында шикізат өндірумен айналысатын «Тенгизшевройл» компаниясының көптеген қызметкерлері өз еркілерімен жұмыстан шыққылары келеді. Себебі, жұмыстан өз еріктерімен шыққан мамандарға 20 мың доллардан астам қаржы беріледі.
Фото: kapital.kz
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Соңғы жылдардағы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты біздің кәсіпорында өндірісті оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Өз еркімен жұмыстан шыққан мамандарға өтемақы ретінде ақша берілетін бағдарлама бекітілді. Аталмыш бағдарлама халықаралық тәжірибе стандарттарына толықтай сай келеді және тек еңбеккердің өз қалауымен жүзеге асырылады. Қызметкерлерге еңбек келісімшартын тараптардың келісімімен бұзуға мүмкіндік берілген. Келісімшартты осындай жолмен бұзу ҚР Еңбек кодексімен бекітілген», – деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ТШО қоғаммен және билікпен қатынас менеджері Ризабек Артығалиев.
Еңбек келісімшартын жою туралы ұсынысхат 300-ге жуық адамға берілді. Оған келіскендер екі жылдық жалақыларын яғни 20 мың доллардан кем емес ақшаны өтемақы ретінде алады. Ал, осы сомадан көп жалақы алып жүрген қызметкер жалақысына сай қаржыны алуға мүмкіндік берілген. Ең жоғарғы сомаға шектеу қойылмаған. Бұл ұсыныс маманға айтылып, бірақ ол келіспеген жағдайда жұмыстан қысқартылады деген сөз емес. Тек қызметі ғана қысқартылады, ал маман жұмысын басқа қызметте жалғастырады. Сондай-ақ, осындай ұсыныс берілмеген маман өз еркімен жұмыстан кеткісі келетін болса, оған екі жылдық жалақы өтемақы төлеу қарастырылмаған.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте тұрғындар зираттардың басына тас қоюға қорқып жүр
Шымкентте “Қыз әулиеге” түнегендер сол бойы тұрмысқа шығып, пәтерге қол жеткізген
Психологтар отырып қалған қыздарға жылдам тұрмысқа шығудың құпиясын ашты
Жапонияда ажырасқан әйелдерге жарты жыл тұрмысқа шығуына тыйым салатын заң өзгертілді