Атыраудағы қарттар үйінде екі мүгедек жан ерлі-зайыпты атанды
Облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған орталықта мүмкіндігі шектеулі ер мен әйел бір-бірімен бас қосты.
Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.
50 жастағы Нина Кузяткина мен 57 жастағы Кенжебай Мұратов екінші топтағы мүгедек. Ер адам төрт жыл бұрын инсульт алған. Олар үйлену тойларын достары мен таныстарын шақырып қарапайым ғана атап өтті.
“Нинаның қайырымдылығы, жүрегінің жұмсақтығы, қарапайымдылығы мені таңқалдырды. Ол өте жақсы адам. Біз бір-бірімізді түсінеміз”, – дейді Кенжебай Мұратов.
Әзірге екеуі некелерін заңды түрде рәсімдемеді. Кенжебай 20 жылдан бері өзінің бұрынғы әйелімен ажырасқандығы туралы куәлікті ала алмай келеді. Ол қазір Санкт-Петербургте тұрады, Мүмкіндігі шектеулі жан үшін онда барудың өзі қиын мәселе. Кенжебайдың бірінші некесінен ересек ұлы бар. Бірақ, оның әкесімен араласқысы келмейді екен. Мекеменің өзі оның проблемасын шешіп беруге уәде еткен. Бірақ, одан бұрын жұп сынақ мерзімін өткеруі тиіс.
“Өз сезімдерін тексеру үшін біз оларға сынақ мерзімін бердік. Олар жарты жылдан бері араласып, жақында азаматтық некеге тұрды. Кенжебай мен Нина бір-бірін жақын танып, жақынырақ араласуы тиіс. Сосын барып қатынастарын заңдастыра алады”, – дейді Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған үйдің директоры Қилымқас Күзембаева.
Мекеме басшылығы оларға жеке бөлме берген. Олар қалада серуендеп, киноға, театрға бара алады.