Атыраудағы балық зауыты өзі өндіруі тиіс уылдырықты 147 миллион теңгеге сатып алмақ болған

Фото: Freepik.com
Мемлекет меншігіндегі Атырау бекіре зауыты 147,4 миллион теңгеге бекіре уылдырығын сатып алу туралы тендер жариялады. Алайда Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, балық өсіру зауыты өзі уылдырық өндіруге тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңның 11-1 бабына сәйкес, мемлекеттік кәсіпорындарға бекіре уылдырығын сатып алуға тыйым салынады.
"Осыған қарамастан балық өсіру зауыты негізсіз түрде уылдырық сатып алуды жоспарлаған", – деп атап өтті қадағалау органы.
ОқыңызНәтижесінде прокурорлар сатып алуды тоқтатып, 147 миллион теңге бюджет қаражатын сақтап қалды.
Заң бойынша, бекіре мен оның уылдырығына қатысты барлық рәсімді (балық аулау, сатып алу, өңдеу және сату) тек мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады. Дегенмен компаниядан өнім сатып алатын жеке және заңды тұлғалар оларды өңдеп, қайта сата алады
Қазақстандағы бекіре уылдырығының бағасын ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті монополияға қарсы органмен бірлесіп белгілейді.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты