Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жоғалған қызды көршісі зорлап өлтіріп, кейін денесін суға ағызып жіберген

Қылмысын жасыру үшін қаршадай қызды суға ағызып жіберген. Атырауда денесі өзеннен табылған 8 жасар Айкөркем Алдамжардың қасақана өлтірілгені ақыры расталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

2

Күдікті ретінде оның көршісі ұсталған болатын. Мәліметтерге қарағанда, 28 жастағы Арман Ырысәлиев зорлау мақсатында бүлдіршінге қол жүгіртіп, кейін өлтіріп тынған. Ал өлі денесін суға лақтырған. Күдіктінің де өзінің бір ұл, бір қызы бар.

Айта кетсек, бұрын да осылай қыз зорлауға әрекет жасап, істі болыпты. Тек ол кезде жасы кәмелетке толмай жазадан сытылған екен. Бесікті ауылының тұрғындары енді мына жағдайдан кейін ең ауыр жазасын алса екен дейді. Ал кішкентай Айкөркемді бүгін ағайын-туысы мен ауылдастары соңғы сапарға шығарып салды.

Талқылау