Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жаңа туған нәрестені сатқан перзентхана қызметкері сотталмақ

Бүгін Атырауда сот процесі басталды. Онда облыстық перзентхана қызметкерінің жаңа туған нәрестені 5 мың долларға сату фактісі бойынша қылмыстық іс қаралуда.

8964584

Фото: newskaz.ru

“Сот үрдісі тараптардың келісімі бойынша жабық режімде өтеді”, – деп хабарлады облыстық сот баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Істің желісі бойынша перзентхана қызметкері ТМД елдерінің бірінің тұрғынын түсік жасамай, баланы туып, сатуға үгіттейді.

Анасының қанша ақша алғаны белгісіз, перзентхана қызметкері 5 мың доллар алған. 2,5 мың доллар ақшаны аванс ретінде алған. Баланы, оның құжатын бергеннен кейін тағы осынша қаражат беретін болып келісілген. Ақшаның қалған бөлігін беру кезінде ол тұтқындалды. ҚР ҚК 135-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыздар:

Шымкент перзентханасында сатылған 21 сәби дерегіне қатысты тергеу басталды

Алматыда перзентхана қызметкерлері жаңа туған сәбилерді қалай сатқандарын айтып берді

Талқылау