Алматыда перзентхана қызметкерлері жаңа туған сәбилерді қалай сатқандарын айтып берді
Сәби саудасын қыздырғандар кінәларын мойындады! Алматы облысында жас қыздардың некесіз нәрестелерін басқаларға сатып, пайдаға кенелген перзентхана қызметкерлері бүгінгі сотта қылмыстың жай-жапсарын жасырмай айтты. Істеген істерін айыпталушы 30-дан аса адамның 11-і мойындап отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сурет ult.kz сайтынан алынды
Олардың оны перзентхананың бұрынғы қызметкері. Нәрестені босанған 4 әйел мен оларды қыруар қаржыға сатып алғандар да сот жағалап жүр. Ал кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартқандар сәби сатуға баласыз отбасыларды аяғандықтан бардық деп ақталуда. Тіпті кінәні бір біріне артып жатқандары да бар.
Қалай дегенмен, баланы саудалаған акушерлер де, оларды сатып алғандар да жауап жазасыз қалмайды. Әрқайсысы кемі 7 жылдан да арқалауы мүмкін. Алматы облыстық ауруханасы перзентхана бөлімі қызметкерлерінің сәби саудасымен 8 жыл бойы айналысқаны былтыр әшкереленген. Осы уақыт ішінде 15 шақалақ сатылып кетіпті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады