Атырауда «салафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалап келген
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жолаушылар тасымалдаушыларынан ақша бопсалап келген топты ұстады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Атырау қаласында 2 жыл бойы «Атырау-Астрахан», «Атырау-Орал», «Атырау-Бейнеу» бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындардан ақша қаражаттарын бопсалаумен жүйелі түрде айналысып келген адамдар тобы құрықталды. Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп тұрған.
Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған. Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымның ұстанушылары болып табылады», – деп атап өтілген ҚР ҰҚК мәліметінде. Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. «Топтың алты белсенді мүшесіне қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп нақтыланған таратылған мәліметте.
Тағы да оқыңыз:
ОҚО тұрғыны әйелі «Иегова куәгерлері» ағымына кірген соң ажырасып кеткен
Талдықорғанда парамен ұсталған “Қазводхоз” филиалының директоры терезеден секіріп өлді