Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда “QazaqAir” пилоттары ішімдік ішіп алып ұшпақшы болған

“Атырау-Ақтөбе-Шымкент” бағытындағы “QazaqAir” ұшағының не себепті өз уақытынан тоқтатылғаны белгілі болды.

1439468770_20150706_121414-675x435

Атырау халықаралық әуежайының алдын ала мәліметінше, “QazaqAir” АҚ экипажының командирі Мунор мен 1973 жылғы Эспедо 15 қаңтар күні ұшу алдында медициналық тексеруден өтеді.

Тексеру кезінде олардың қысымы жоғары екені, жүрек соғысының жиі екені анықталды. Ауыздарынан алкоголь иісі шыққан. Алкотестер де оның (0,18 промилле) ішімдік ішкенін көрсетті.

Наркологиялық диспансерде сараптама нәтижесі де осылай болып шықты.

Ұшу алдында экипаж мүшелері медициналық тексеруден өтеді және арнайы куәлігін көрсетеді.

Егер ауырып тұрғаны, дәрігердің тағайындауынсыз дәрі ішкені байқалса, алкоголь ішсе, ұшу тәртібі бойынша ұйықтамай, тамақтану жүйесі бұзылса, медициналық келісімінің мерзімі аяқталса, қысымы көтерілсе оны ұшақтан шығарады.

Жіберіп алмаңыз:

Депутат тіркеу орнында көз жұмған ер адам жайлы: Ол осындай күйімен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді

Семейде полицей өзіне қол жұмсамақ болған оқушы қызды құтқарып қалды

Алматыдағы ардагерлер үйінде 6 ақсақал мен әже отау құрған

Талқылау