Атырауда мекеме қызметкерлерінің қанша рет дәретханаға барғанына байланысты есеп жүргізіп отырады
Атыраудағы мекеме қызметінің дәретханаға бару есебі жөніндегі журналы жұртты таңғалдырды.
“Батыс жүйеаралық электр тораптары” филиалы еңбеккерлердің жұмыс уақытында дәретханаға баруын есепке алатын журнал жүргізеді.
Журнал суреті желіде жария болды. Журнал мұқабасында құжаттың 3 жыл сақталатыны жазылған.
Желі қолданушылары бұған бірауыздан қарсылық анытып жатыр.
“Бұл енді тым артық”, “Қазақстандағы қағазбастылық”, “Онсыз да қағаз жүзіндегі жұмыстар аз еді”, – деп жазады желі қолданушылары.
Тағы да оқыңыз:
Екі адамды құтқарған Өскемен тұрғыны елге жария болмау үшін есімін жасырып қалды
Астана тұрғыны ұлына Қанат-Ислам деген есім берді
Дубайда тұратын қазақ қызы: Бұл елде инвестицияға үй алып жатқан қазақстандықтар өте көп
Талқылау