Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда Құранға қолын қойып ант еткен алаяқ әйел сотталды

Атыраудағы №2 сот 48 жастағы қала тұрғынына ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 «екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық» тармағына сәйкес үкім шығарды.

tenge6525

Сот материалдары сотталушының (бұған дейін алаяқтық үшін үш рет сотталған) бір қала тұрғынына мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуына көмек беремін деп уәде етіп, 1,5 миллион теңгесін алып, қашып кеткен, деп хабарлады “Ақ жайық” басылымы. Дәл осылай тағы бір қалалық әйелді алдаған ол одан 1 миллион теңге сұраған. Одан бөлек, азаматша тағы да екі қала тұрғынына банктен несие алуға көмектесетінін айтқан. Ең қызығы, әккі әйел өзінің болашақ құрбандарына Құранға қолын қойып, ант еткен.

Атырау қалалық прокуратурасының прокуроры Лаура Асанованың хабарлауынша, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды.

Жіберіп алмаңыз: 

Көкшетауда алаяқ әйел таныстрын алдап 1 миллион теңгеден астам ақшаны қолды қылған

Алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін банк картасын қалай пайдалану керек

Семейде су жаңа көлік әперемін деп 18 адамның ақшасын сыпырған алаяқ сотталды

Қазақстандық жұлдыздар алаяқтарға қалай алданғандарын айтып берді

 

 

 

Талқылау