Семейде су жаңа көлік әперемін деп 18 адамның ақшасын сыпырған алаяқ сотталды
Жұрттың сеніміне кірген Әсет Изатов үш жылда 55 млн теңгені қалтаға басқан. Сотта сөз алған айыпталушы кешірім сұраумен әлек болды.
Бұл туралы КТК хабарлайды.

28 жастағы жігіт Семей, Өскемен, Риддер қалаларының тұрғындарын алдап соққан. Өзін ірі кәсіпкер ретінде таныстырған ол шырмауына түсіретін адамдарды да тек қалталылардан таңдаған. Оларға қымбат көліктерді арзан бағаға алуға болатынын айтып уәдені үйіп төгіпті. Бұған имандай сенген тұрғындардың кейбірі миллиондаған теңге несие рәсімдеп, алаяққа ұстатып жіберген.
Арбауына түскендер қаражаттарының енді қайтарылмайтынын білсе керек. Өйткені, зардап шеккендердің бірі де сотта бой көрсетпеді. 55 млн теңгені қайда жұмсағанын түсіндіре алмаған алаяқтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан