Атырауда бір табын жылқыны айып тұрағына қамап тастады
Атырау полициясы қала ішінде иесіз жайылып жүрген 16 жылқыны айып тұрағына апарып қамап қойды.
Фото: Алексей Мальгавко
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“13 ат пен 3 құлын жасыл алқапты басып, жүргізушілердің қозғалысына кедергі келтіріп қала ішінде жүрген. Жануарлар “Арнайы автобаза” тұрағына жеткізілді”, – дейді облыстық полиция.
Жануарлардың иесіне 45 380 теңге көлеміндегі айыппұл жазылған.
Талқылау