Атырауда балабақшадан қашып кеткен бүлдіршін суға кете жаздады
Бүлдіршін балабақшадан қашып кетіп, өзенге құлап кеткен. Оқиғаны көзімен көргендер баланы құтқарып алды деп жазады өңірлік “Мой город” басылымы.
Дәрігердің алдында отырған баланың суреті әлеуметтік желілерде таратылды. “Баланың аты Лёня, төрт жаста. Балабақшадан қашып кетіпті. Өзенге құлап кеткен. Әрең дегенде құтқарып қалдық. Мекенжайын білмейді. Жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ата-анасын танитын болсаңыздар, хабарласыңыздар”, — деп жазылған суреттің астына.
Құтқарушыларға әйел адам хабарласып, “Санаторий” ауданындағы өзенге құлап кеткен сәбиге жедел жәрдеп шақыруды сұраған. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаның астындағы комментарийлерге сүйенсек, баланың ата-анасы табылып, үйіне алып кетіпті. Бұл ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрғабыл Айтмұхамбетов те растады.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда есірткімен ұсталған жігіт полицейлердің өзін жауапқа тартқызбақ
Петропавлда арақпен ұсталған әріптесін қолдау үшін хирургтер жаппай жұмыстан кетпек
Шымкентте мешіт жанында атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты