Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әкім параға 300 қап сиырдың тезегін сұраған

Атырауда ауылдық округ әкімі кәсіпкерден параға 300 қап сиырдың тезегін сұрағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды  облыстық соттың баспасөз қызметі.

 292457.84a133612d4c19af206b14a340438e46

Атырау қаласы маңынадағы Ақсай ауылдық округінің әкіміне И. есімді азамат Ақсай кентінен үй салу үшін жер учаскесін алуға жинаған құжаттарына қол қойғызбақ болады. Алайда әкім бірден қол қойып бермейді. И.-дің жеке кәсіпкер екенін, органикалық тыңайтқыштар сатумен және жеткізумен айналысатынын біліп, одан 300 қап тезек сұраған. Сол талапты орындағанда ғана құжатқа қол қоятынын айтқан.

Жеке кәсіпкер әкімнің шартын орындап, 300 қап сиырдың тезегін әкеліп берген. Бірақ И.-ға тағы басқа құжатқа қол қойдыру керек болады, әкім бұл жолы 50 қап тезек сұраған. Осылайша әкімнің тезек түрінде алған парасының сомасы 206 мың 750 теңгені құраған.

Сот отырысында әкім кінәсін мойындады, сот оған 6 202 500 теңге айыппұл төлеуді міндеттеп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Тағы да оқыңыз:

Синоптиктер елімізде қатты дауыл соғып, бұршақ жауатынын ескертті

Қырғызстанда Анджелина Джолидің сыңары тұрады (фото)

Ақысына 2 бөлмелі пәтер берем деген Қарағанды тұрғыны суррагат ана іздейді

 

Талқылау